Таеквондодан Париж Олимпиадасының жолдамалары Қытайда сарапқа салынады
Таеквондодан париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын Азия іріктеу турнирі қытайдың Тайань қаласында өтеді.
Аталған іріктеу турнирі 15-16 наурыз күндеріне жоспарланған.
Азия іріктеу турнирінде Қазақстан атынан төрт спортшы қатыспақ.
Олар — Мария Севостьянова (57 келіге дейін), Жансель Дениз (67 келіден жоғары), Самирхон Абабакиров (58 келіге дейін) және Батырхан Төлеуғали (80 келіге дейін) Париждегі Олимпиада ойындарының жолдамалары үшін таласады.
Айта кетсек, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 8 түрі бойынша 19 жолдама бар. Спортшыларымыз садақ атудан — 4, тас жолдағы велоспорттан — 3, нысана көздеуден — 5, қазіргі бессайыстан — 2, бокстан — 2, грек-рим күресінен — 1, еркін күрестен — 1, спорттық гимнастикадан — 1 жолдама жеңіп алған.
Франция төрінде алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпиада ойындары осы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»