Дмитрий Попко Флорида штатында қатарынан үшінші рет финалға өтті

5958

Қазақстандық, әлемнің 325-ракеткасы Дмитрий Попко Наплес (АҚШ) ITF турнирінің финалына шықты. 

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингіде 442-орында тұрған доминикандық Роберто Сидпен бетпе-бет келді. Бірінші партияда 3:0 есебімен алға шыққан Попко сол басымдылығын жоғалтқан жоқ – 6:3. Екінші сетте есеп 5:4 болған мезетте Сид брейк жасап кетті – 6:4.

Үшінші, шешуші партия Дмитрий бірден брейк жасады – 2:0. Содан кейін тағы бір брейкпен есепті 5:1-ге жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Тартысты матч 3 сағаттан астам уақытқа созылды.

Дмитрий Попко соңғы бәсекеде рейтингіде 649-сатыдағы эквадорлық Андрес Андрадемен чемпиондық атақ үшін барын салады.

Осымен Флорида штатындағы үшінші турнирде финалға шыққан қазақстандық теннисші бұған дейін екі рет чемпион атанған еді. Соның ішінде 20 ақпанда Палм-Коуст қаласындағы жарыстың финалында А.Андрадені 7:5, 1:6, 7:5 есебімен ұтқан болатын. Енді онымен екінші рет кездеспекші.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың АҚШ-та екінші рет қатарынан ITF жарысының жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Недовесов Мексикадағы ATP 250 турнирінің финалына шықты.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить