Росарио қаласында Қазақстан мен Аргентина достығына арналған монумент орнатылады

4121

Аргентинаның Росарио қаласындағы Қазақстан Республикасы алаңында биіктігі алты метрлік «Alma del Río» монументі орнатылады. Бұл бірегей сәулет өнері 2019 жылдан бері бауырлас қала атанған Алматы мен Росарио арасындағы ерекше байланыс пен достықтың символы, днп хабарлайды dimashnews.com

Ескерткіш жобасын Латын Америкасындағы Қазақстан мәдени орталығының директоры Ирина Вагнер таныстырды. Таныстырылымы Дэвис кубогындағы Қазақстан мен Аргентина матчына арналған баспасөз конференциясында өтті.

Иринаның айтуынша, мозаика іспеттес шағын керамикалық элементтермен қапталған бұл ескерткіш – бүкіл әлемдегі бірлік, достық пен бейбітшіліктің символы. Ескере кететін тағы бір жәйт, бұл ескерткіштің әрбір бөлігі Димаштың жанкүйерлерінің қайырымдылық жинағының арқасында жасалады.

Ескерткіштің жобасын әйгілі аргентиналық суретші-мүсіншілер Густаво Аугсбургер мен Даниэль Косик жасаған.

Осы орайда, монументтің атауы «Alma del Río» қазақшаға «Өзеннің жаны, рухы» деп аударылса, екінші қызықты дерек: «Alma» – Алматы және «Río» – Розарио қалаларының алғашқы-соңғы буындарынан алынған екен.

Ескерткіштің ашылуы 2024 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, баспасөз конференциясында испан тілінде сөйлейтін жандарға арналған қазақ тілінің тұңғыш оқулығы да таныстырылды. Бұл оқулық таяуда бірнеше елде қолжетімді болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить