Қайрат Бижанов Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Жақиянұлы Бижанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Жақиянұлы Қостанай облысының тумасы. Қостанай мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Құқық қорғау органдарындағы жалпы еңбек өтілі 21 жылдан астам. Қаржы полициясында, прокуратура органдарында, оның ішінде 16 жыл Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Бұған дейін Астана қаласы Экономикалық тергеу департаментінің басшысы болды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте