Азаматтық авиация комитеті кешіктіріліп жатқан рейстерге қатысты түсініктеме берді

4581

Азаматтық авиация комитеті елорда және Алматы әуежайынан ұшуы кешіктіріліп жатқан екі рейске қатысты түсініктеме берді.

«20 ақпанда  әуе компаниясының VJ 062 рейсі «Алматы–Камран» бағыты бойынша кестеге сай сағат 02:05-те ұшуы тиіс болатын. Рейстің ұшуы ағымдағы тәуліктегі сағат 23:00-ге ауысты. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес, барлық жолаушылар қонақ үйге орналастырылған, оларға сусындар, ыстық тамақ берілуде» делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Азаматтық авиация комитеті кешеден бері ұшуы шегеріліп келе жатқан «Астана-Дубай» рейсіне қатысты да түсіндірме берді.

«Fly Dubai әуекомпаниясының «Астана-Дубай» бағыты бойынша 19 ақпандағы FZ 1304 рейсі бастапқыда 19 ақпандағы сағат 05:05-ке ауыстырылған болатын, алайда техникалық ақау себебінен рейс бүгін сағат 21:30-ға дейін кешіктіріледі. Жолаушылар қонақ үйге орналастырылады, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес сусындар, ыстық тамақ берілуде. Сондай-ақ, жолаушыларға әуе билеттерін қайта брондау және толық қайтару ұсынылды», - деп мәлімдеді ААК баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, туристік пакет шеңберінде ұшақ билеттерін сатып алған жолаушылар туроператорларға хабарласуы қажет.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить