Қаңтарда жылдық инфляция Қазақстанның көп аймағында бәсеңдеді

Қаңтар айында елде жылдық инфляция 9,5%-ды құрап (2023 жылғы желтоқсанда – 9,8%), бәсеңдей түсті. Дегенмен, 15 өңірде жылдық инфляция баяуласа, 3 аймақта қарқын алып, 2 өңірде өзгеріссіз қалды.

Жылдық инфляцияның айтарлықтай жоғары мәні Қарағанды, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Қаңтарда азық-түлік бағасы ж/ж 8,2%-ға дейін (2023 жылғы желтоқсанда – 8,5%) баяулады. Осы топтағы тауарлар бағасының максималды өсімі Ұлытау облысында (11,3%), ал минималды өсім Шымкент қаласында (5,9%) тіркелді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 8,6%-ға дейін бәсеңдеді (2023 жылғы желтоқсанда – 9,1%). Ең жоғары мән Маңғыстау облысында (12,9%), ең төмен мән Ақтөбе облысында (7,1%) расталды.

Қаңтарда ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 12,3%-ға дейін бәсеңдеді (2023 жылғы желтоқсанда – 12,4%). Сонымен бірге, Түркістан облысында (17,3%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Қызылорда облысында (9,5%) айтарлықтай төмен өсті.

Қаңтарда ел бойынша айлық инфляция 0,8%-ға өсті, бұл тарихи орташа мәннен жоғары (2017-2021 жылдардағы қаңтарда – 0,6%).

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте