Екібастұз МАЭС-2 жаңғырту барысында миллиард теңге жымқырылғаны белгілі болды

6094

Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнату барысында жылу электр станциясын кеңейту мен реконструкциялауға арналған қаражатты талан-таражға қылып, жымқырылғанын анықтады.

Жергілікті прокуратураның мәліметінше, расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрап отыр.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмысқа қатысты мән-жай, залалдың түпкілікті сомасы, оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары басталып кетті» - делінген хабарламада. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить