Ұлыбритания үкіметі Орталық Азияда климаттың өзгеруі мәселелері бойынша Халықаралық қор құрды

4703

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Лич бастаған делегациямен кездесті. Тараптар Қазақстанның су саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Елші ханым Ұлыбритания үкіметі алғаш рет Орталық Азияда климаттың өзгеруімен айналысатын халықаралық қор құрғанын хабарлады. Біріккен Корольдік Қор аясында өңірдегі бес мемлекетке климаттың өзгеруінің теріс салдарымен күресу мәселесінде қолдау көрсететін болады. Сондай-ақ, британдық тарап Халықаралық Аралды құтқару қорымен де ынтымақтастық орнатуға дайын.

Бұл ретте Кэти Лич Ұлыбритания Қазақстанмен өңірлік қана емес, сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық аясында да өзара іс-қимыл жасауға ниетті екенін атап өтті.

Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов екіжақты ынтымақтастықтың үш басым бағытын белгіледі. Бұл Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институтымен жұмыс, тәжірибе алмасу және Ұлыбританиядан сарапшыларды тарту, сондай-ақ су дипломатиясы саласындағы техникалық мамандықтарда оқитын студенттер мен кадрлар үшін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.

Елші ханым британдық тарап «Болашақ» білім беру бағдарламасы аясында магистрлер мен философия докторларын даярлаумен айналысуға дайын екенін айтты. Сондай-ақ, Кэти Лич қосдипломды білім берудің бірлескен бағдарламаларын іске қосуды ұсынды.

Британдық делегация өкілдері Қазақстанға гидрогеология, ирригация, мұздықтарды зерттеу және т.б. салалардағы әлемдік деңгейдегі сарапшыларды шақыруға дайын екендіктерін білдірді.

Сондай-ақ, кездесуде ағынды суларды тазарту технологияларын енгізу туралы да айтылды. Кэти Личтің айтуынша, бұл мәселемен айналысатын британдық компаниялар Қазақстанда жұмыс істеуге ниетті. Солардың бірі Шымкентте өз жобасын сәтті жүзеге асырып жатыр және осының нәтижесінде су шығынын 25%-ға азайтуға мүмкіндік туған.

«Мен тығыз ынтымақтастық орнатуға болатын бағыттар көп екенін көріп отырмын. Британдық сарапшылардың Қазақстанда өзекті мәселелерді шешу бойынша үлкен тәжірибесі бар екені қуантады. Халықаралық ынтымақтастық біз үшін өте маңызды. Біздің өзара іс-қимылымыз ұзақ мерзімді және жемісті болады деп сенемін», - деп қорытындылады ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube