Air Astana алғашқы IPO сатылымнан 370 млн доллар табыс тапты

4883

Бүгін Air Astana әуе компаниясының акциялары IPO арқылы сатылымға шықты.

«Қазақстан қор биржасында, Astana International Exchange және Лондон қор биржасында өткізілген алғашқы IPO. IPO мәміленің жалпы мөлшері шамамен 370 миллион АҚШ доллары (қосымша орналастыру опционы толық орындалған жағдайда). ІРО-ға қатысу үшін берілген өтінімдер саны қазақстандық инвесторлар тарапының, бөлшек және институционалдық, сондай-ақ халықаралық инвесторлар қоғамдастығының қолдауы арқасында ұсыныстан асып түсті. Оның 58%-ы жергілікті инвесторлар және 42%-ы халықаралық инвесторлар», - делінген Air Astana хабарламасында.

Ақпаратта айтылғандай, инвесторлардың 97,8% өтінімі толық көлемде қанағаттандырылды.

«Бұл – компания тарихындағы айтулы оқиға. Себебі біз ресми түрде жария компанияға айналудамыз. ІРО қазақстандық инвесторларға ұсынылған бағалы қағаздардың басым бөлігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық нарықтарда капитал тарту үшін мұқият ойластырылды. Біз бұған институционалдық та, бөлшек инвесторлар да тарапынан жоғары сұраныстың арқасында қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Қызығушылық деңгейі соншалықты жоғары болғандықтан, сұранысты қанағаттандыру үшін ұсыныс көлемінің ұлғаюына қарамастан, IPO-ға өтінімдер саны ұсыныстан бірнеше есе асып түсті», - деді Air Astana АҚ президенті және бас атқарушы директоры Питер Фостер.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube