Қатармен өзара тиімді ықпалдастықты арттыра береміз — Тоқаев

3297

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапарын қорытындылады.

«Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижесі бойынша қазақ-қатар қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз», — деп атап өтті мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить