Тоқаев Қатар Сыртқы істер министрімен келіссөз жүргізді

4475

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің премьер-министрі – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Қатар мемлекетінің премьер-министріне алғыс айтты. Сонымен бірге Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынасты жоғары бағалайтынын атап өтіп, бүгін қол жеткізген келісімдер серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге тың серпін беретініне сенім білдірді.

«Осы сапарды дайындауға атсалысқаныңыз үшін Сізге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Сапар шынымен сәтті болды. Біздің қарым-қатынасымызға тың серпін беретін құжаттар топтамасына қол қойылды. Жоғары Мәртебелі Қатар Әміріне айтқанымдай, біз өзара байланыстарды екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Бұл өте үлкен жетістік деп санаймын. Мен осындай нәтижеге қол жеткізгенімізге қуаныштымын. Бірақ біз мұнымен шектеліп қалмай, алға қадам басып, өзара ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруымыз керек», – деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, экономикалық байланыстар бірлескен күш-жігердің негізгі тірегіне айналуға тиіс.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить