30 қаңтарда ауа райы қандай болады

Қазгидромет синоптиктері 30 қаңтар, сейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын (негізінен қар) жауады.

Оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

ҚР бойынша тұман түседі, көктайғақ, боранмен бірге жел күшейеді. 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте