«Қазақстан - Башқұртстан» халықаралық форумының ашылуы: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Елордалық Конгресс-орталықта бүгін «Қазақстан-Башқұртстан» халықаралық форумының ресмиашылуы өтті. Бұл шара Қазақстан Республикасымен Башқұртстан Республикасы арасындағыэкономикалық және мәдени байланыстардың жаңакезеңін бастады.

Форумға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіпжәне құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен Башқұртстан Республикасының Президенті Радий Хабиров бастаған Башқұртстаннан келгенделегация, сондай-ақ екі республиканың іскерқоғамдастығының өкілдері қатысты.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі ҚанатШарлапаев форумның екі республиканың іскерлікбайланыстарын нығайту үшін маңызы зор екенінатап өтті.

«Қазіргі форум Башқұртстан мен Қазақстанарасындағы екіжақты қатынастардың кезектікезеңіне серпін беретініне сенімдімін. Ынтымақтастық әлеуеті әлі толық іскеасырылмаған және оны арттыруға мүмкіндіктермол», - деді министр.

«Өзара сауда-саттық көлемі өсуде. 2022 жылы бұлкөрсеткіш 10 пайызға өсіп, 464 миллион долларғажетті. 2023 жылдың соңында өсім көрсеткіші 5%-ға жетті. Ағаш өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібіжәне машина жасау салаларында өзара тиімдіинвестициялық жобалар жүзеге асырылуда», - депатап өтті министр.

Башқұртстан Республикасының Басшысы РадийХабиров Қазақстан Башқұртстанның басты әріптесіболып табылатынын алға тартты.

«Біз тиімді іскерлік байланыстар үшінинфрақұрылым жасаудамыз. Өзара іс-қимыл, кооперацияны дамыту жөніндегі жұмыс тобынқұрдық. Біз инвестициялық ахуалды жақсартуғажәне Қазақстан мен Башқұртстанкәсіпорындарының өзара іс-қимылына бағытталған«Жол картасы» пункттерін нақты орындапотырмыз. Қазірдің өзінде жаңадан ашылған Уфа-дан Астана мен Алматыға тікелей рейстер ұшудажәне рейстер санын ұлғайтуға ниеттіміз» - дедіР.Хабиров.

Сондай-ақ, ол үкіметаралық комиссия тек сыртқыэкономикалық және сауда қатынастарымен ғанаемес, сонымен қатар гуманитарлық, мәдениынтымақтастық, туризм саласындағы қатынастармәселелерімен де айналысатын болатынын айтты. «Сауда қатынастарынан біз әлдеқайда жоғарыдеңгейге - өнеркәсіптік интеграцияға көшудеміз», - деп атап өтті Башқұртстан Басшысы.

Сондай-ақ Р.Хабиров қазақстандық тарапты биылУфа қаласында өтетін XX мерейтойлық Қазақстанмен Ресей аймақаралық ынтымақтастық форумынақатысуға шақырды.

Форум индустрияландыру мен инновацияданбастап ауыл шаруашылығына, шағын және орта бизнесті дамытуға дейінгі тақырыптардың кеңауқымын қамтиды. Экономикалық интеграция мәселелеріне, энергетика, машина жасау жәнеагроөнеркәсіп салаларындағы бірлескен жобаларғаерекше назар аударылады.

Форум бағдарламасына екіжақтыынтымақтастықты нығайтуға және экономикалықөсу мен өзара тиімді серіктестіктің жаңа жолдарын іздеуге бағытталған панельдік пікірталастар, жұмыс тобының отырыстары және B2B кездесулерікіреді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте