Депутаттар вейптерге толық тыйым салу туралы түзетуді екінші оқылымда мақұлдады


Бүгін парламент мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасына «вейптерді» әкелуге, өндіруге, сатуға, сондай-ақ таратуға және оларға арналған хош иістендіргіштерге толық тыйым салуға қатысты түзетулер енді.

Заң жобасы парламент сенатының қарауына жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 11 мамырда депутат Нұргүл Тау Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайыловқа «Мектеп оқушылары және жастар арасында «вейп» деп танылған электронды тұтыну жүйелерін жаппай таратуға тыйым салу туралы» депутаттық сауалын жолдаған болатын. Бастаманы ведомствоаралық комиссия, Үкімет, жұмыс тобының мүшелері және Парламент мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті қолдады.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте