ҚР ҰЭМ басшысы Дохада бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

2013

XXI Доха форумының алаңында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қатар мемлекетінің Сауда және индустрия министрі, шейх Мухаммад бен Хамад бен Касим Аль Танимен кездесті.

Тараптар соңғы бірнеше жылда екіжақты ынтымақтастықтың жанданғанын атап өтіп, Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара әрекеттестіктің перспективаларын қарастырды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға қатысты сөз қозғалды.

Қатарға қазақстандық тауарларды жеткізу көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды. Қазіргі уақытта көптеген отандық компаниялар өз тауарларын араб елінің нарығына экспорттауға қызығушылық танытуда. Ақмола облысында астықты терең өңдеу зауытын салу жобасы әзірленуде.

Тараптар сондай-ақ газ саласындағы бірлескен жобаларды «Qatar Energy» компаниясының қатысуымен дамытудың мүмкіндіктерін талқылады.

Сонымен қатар Ә.Қуантыров Қатардың Қаржы министрі Али бин Ахмед Аль Куваримен кездесу өткізді. ҚР Ұлттық экономика министрі Қазақстанда шетелдік инвесторлар үшін түрлі салықтық әрі кедендік жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті.

-Қаржы және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық екі елдің арасындағы экономикалық қарым-қатынастың маңызды элементі болып табылады, - деп айтты министр.

Тараптар Қазақстан мен Қатар арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтарға тоқталды. Оның ішінде, Астана мен Доха арасындағы рейстерді аптасына 7 ретке дейін ұлғайту мәселесін талқылады.

Бұдан бөлек, туризмді дамыту жайлы сөз қозғалды. Министрлер екі ел арасындағы өзара туристік ағымның айтарлықтай өскенін атап өтті.

Қатар қаржы орталығының басшысы Юсуф Мохамед Аль-Жайдамен кездесу аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) мен Қатар қаржы орталығының тиімді құралдарын пайдалана отырып, банк-қаржы және инвестициялық секторлар арасындағы Қазақстан-Қатар ынтымақтастығын жандандыру мәселелері қаралды.

-Біз Қазақстанмен исламдық қаржы құралдарын дамыту бойынша ынтымақтастыққа мүдделіміз, - деді Аль-Жайда.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить