Алматы индустриялық аймағы БҰҰ Жаһандық шартына қосылды

1989

Алматының индустриялық аймағы тұрақты даму бағытында маңызды қадам жасады. Компания 2023 жылғы 4 желтоқсаннан бастап (UN Global Compact) толыққанды қатысушы болып, Қазақстанда ауқымды бастамаға қосылған алғашқы индустриялық аймақ атанды.

Алматы индустриялық аймағы адам құқықтары, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қатынастары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы орнықты даму қағидаттары мен құндылықтарын сақтауға міндеттеме алып, биыл қазанда БҰҰ Жаһандық шартына қосылған «Алматы» ӘКК-нің ортақ келісілген даму стратегиясына бейілділігін білдірді.

«Алматы индустриялық аймағы» ЖШС адам құқықтарына, еңбекке, қоршаған ортаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты БҰҰ Жаһандық шартының он қағидатын қолдайды. Біз осы қағидаттарды ілгерілететін Жаһандық шартты қолдауға ниет білдіреміз», - деді «Алматы индустриялық аймағы» ЖШС директоры Әлішер Сатыбалдиев.

Біріккен Ұлттар Ұйымының көп жылдық тәжірибесіне, беделі мен мүмкіндіктеріне сүйеніп, Жаһандық шарт компанияға бірқатар практикалық артықшылыққа, атап айтқанда тұжырымдамалық әзірлемелерге қол жеткізуге, инновациялық әдістермен алмасуға, қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік даму және мемлекеттік басқару жөніндегі жобаларды іске асыруда БҰҰ құрылымдарын қолдауды пайдалануға қол жеткізіп, қызметін жария және ашық етуге мүмкіндік береді.

Өзіне қабылданған міндеттемелер аясында Алматының индустриялық аймағы жыл сайын БҰҰ-ның Жаһандық шартының қағидаттарын сақтау саласындағы жұмысының нәтижесі туралы есепті ұсынады.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Жаһандық шарты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік және тұрақты даму саласындағы әлемдегі ең ірі ерікті бастама. Бүгінде ол әлемнің 167 еліндегі 23 мыңнан астам қатысушының басын қосып отыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить