Экспорттаушылар АӨК өнімдерін тасымалдау жоспарларын цифрландыруды және ашық етуді ұсынады

4002

Қазақстаннан сыртқы нарыққа экспорттың өсуін қамтамасыз ету және сауда серіктестері алдындағы міндеттемелерді қалай орындау керек? Мұндай мәселені ҚР Cауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің төрағалығымен Астанада өткен экспорт мәселелері жөніндегі штаб отырысына қатысушылар көтерді.

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанның басқа елдермен саудасының жақсы көрсеткіштеріне қарамастан, дайын өнімнің экспорты төмендегенін көрсетті. Тауар өндірушілерде жағдайды жақсарту үшін үлкен ішкі резервтер бар, бірақ тасымалдаудағы қиындықтарды шешу қажет.

«Экспорттаушыларда алып баратын тауар бар, бірақ тасымалдайтын көлік жоқ. 2023 жылдың қараша айына арналған тасымалдау жоспары бойынша экспорттық бағытта 8,5 млн тонна жүк тасымалдау қажеттілігі мәлімделді, оның ішінде тек 3,6 млн тонна ғана келісілді, яғни 4,9 млн тонна жүк жөнелтушілерге бас тартылды. Бұл фактілер біздің экспорттың неліктен өсетіндей қарқынмен өспей жатқанын анық көрсетеді», - деді министр Арман Шаққалиев.

Осы орайда ведомство басшысы нақты істер бойынша штаб мүшелеріне жүгініп, туындаған мәселелерді бірлесіп шешу шараларын әзірлеуді ұсынды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Райымбек Баталов атап өткендей, вагондармен қамтамасыз етудің нақты жоспарының жоқтығы экспорт процесіне кері әсерін тигізуде. Соның салдарынан тауар өндірушілер өз өнімдерін сата алмайды.

Бизнес өкілдері келісті: бізге теміржол қуаттылығын өткізу қабілетінің нақты көрінісі қажет, сонда жүк жөнелтушілер тасымалдауды тиімді жоспарлауға көбірек мүмкіндіктерге ие болады.

ҚР Көлік министрлігінің басқарма басшысы Сатжан Узбековтің айтуынша, биылғы жылы экспорттық бағытта теміржол көлігімен жүк тасымалдау өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есеге артқан. Бір ғана астық бойынша Қытайға жеткізілім үш-төрт есе өскен. Министрліктің болжамы бойынша, желтоқсан айында Қытайға жүк тасымалы жаңа рекорд орнатады.

«Тасымалдаудың үлкен көлемі жүзеге асырылады, бірақ түйісулер бойынша шектеулер бар. Биыл біз Қытай бағытындағы өткізу қабілеттілігін толығымен пайдаланып жатырмыз. Жыл қорытындысы бойынша ҚХР-ға тасымалдау көлемі 27,6 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Бұл тиісті жұмыстың арқасында қол жеткізген инфрақұрылымның ең жоғарғы қуаты», - деді Сатжан Узбеков.

«KazGrain» Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Зейнулла Абдуманаповатың айтуынша, биыл экспорттық жеткізілім көлемі керісінше азайды.

«Өткен жылмен салыстырғанда экспорт айтарлықтай төмендеді. Пандемиядан бері ҚТЖ бізге жүктерді контейнерлерде тасымалдауды үйретті, біз бұл жұмысты екі жылда аяқтадық, бірақ 2023 жылдың қыркүйегінде Қытайға дәнді дақылдар мен ұнтақталған өнімдерді контейнерлік тасымалдауды шектедік. Контейнермен тасымалдау 85%-ға шектелген. Енді оларды тек 8 және 10-тармақтары бар станциялар ғана жүзеге асыра алады. ҚТЖ негізгі тасымалдау жоспарын 60-70%-ға қысқартып жатыр, жалғыз дәлел – буындардың шамадан тыс жүктелуі. Бұрын бізде қосымша тасымалдау жоспарына енгізуге өтінімдер беру арқылы жөнелтілімдерімізді реттеу мүмкіндігі болған. Бірақ бүгін оларды бізге келіспейдіт», - деп ортақ мәселемен бөлісті қауымдастық басшысы.

Өз кезегінде Көлік министрлігінің өкілі тармақтардағы нормалар стансаларда барлық қажетті инфрақұрылым болған кезде қамтамасыз етілгенін және жүк жұмыстарын станцияның өзі атқарғанын айтты.

«Қазір түзету нормалары қабылданды, тармақтар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоспарларға, яғни жүктерді тасымалдау ережелеріне келетін болсақ, қосымша жоспар негізгіге нұқсан келтірмей келісіледі. Егер жүк жөнелтуші өткен айда мәлімделген норманы орындаған болса, оған жоспар келісіледі. Жосықсыз жүк жөнелтушілерге қосымша тасымалдаудан бас тартылады», - деп қорытындылады Сатжан Узбеков.

Штаб отырысында бизнес өкілдері жоспарлау тиімділігін арттыру бойынша бірнеше ұсыныстар айтты. Біріншіден, жүк жөнелтуші неліктен бас тартылғанын және жүктің қай учаскеде өткізілмейтінін білуі үшін тасымалдау өтінімдерін қарауды автоматтандыру. Екіншіден, ҚТЖ ашық тауарлық, атап айтқанда, агроөнеркәсіптік кешен бойынша тасымалдау жоспарларын ай сайын ашық жариялау. Бұл тауар өндірушілерге өнімді жөнелтуді тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар экспортқа басымдық беру жобасын жүзеге асыруға мүдделі.

«Біз нақты нәтижеге бағытталған ортақ жұмыс жасаймыз. Бұл сын емес. Тасымалдау зардап шекпеуі керек екенін түсінеміз. Экспорттық штабтың өзі туындаған мәселелерді тез шешу үшін қажет. Көлік министрлігі ұсыныстарды іске асыруға дайын. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика министрліктерімен бірлесіп жүк тасымалына басымдық беруге қатысты мәселелерді дайындап, ережелерге тиісті өзгерістер енгізу үшін Көлік министрлігіне көрсетеміз. Тағы бір ұсыныс – алдымен өтініш білдіріп, кейін жүктерді жөнелтуден бас тартқан жүк жөнелтушілерге айыппұл қолдану қажет. Бұл ретте алдыңғы айда жеткізілмеген көлемге негізгі тасымалдау жоспарына өтінім беру мүмкіндігінен айыру керек», - деп түйіндеді сөзін Арман Шаққалиев.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить