21-23 қарашаға күн райы болжамы
20 ноября 2023 22:11
4083
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның көп бөлігі белсенді циклон ықпалында болады.
«Қазгидромет» РМҚ ақпараты бойынша, 21-23 қарашада жаңбыр мен қар болжанады. 22 қарашада елдің батысы, солтүстік батысында, 22-23 қарашада оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, қалың қар түседі.
Республика бойынша желдің екпіні 15-28 м/с дейін күшейіп, солтүстік бөлігінде оған боран мен көктайғақ қосылады.
Кезең соңына қарай елдің батысында ауа температурасы 2-12 градусқа дейін түседі. Шығыста температура түнде 8-13 градус аяздан 0-5 градусқа дейін жылиды. Қазақстанның басқа аумағында ауа райы қалыпты болмақ.
Подписывайтесь на наш канал в Telegram
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter