Ұлытауда Канада университеттері консорциумының қатысуымен техникалық университет ашылады

2401

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді. Аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы білім саласындағы ахуалға тоқталып, өңірде мектеп құрылысы қолға алынғанын жеткізді. Оның мәліметінше, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2 жыл ішінде 25 млрд теңгеге 3600 орындық 6 жайлы мектеп салынады.

Әкімнің айтуына қарағанда, Ұлытау облысындағы мектептердің барлығы интернетпен қамтамасыз етілген, соның 60% жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. Бүгінде бұл көрсеткішті 100%-ға жеткізу бағытында жұмыстар атқарылуда.

Жастарды тартып, өңір тынысын ашу мақсатында «Ұлытау» техникалық университетін ашу жоспарланған. Үкіметтің қаулысы қабылданған. Жоғарғы оқу орнын кезең-кезеңімен ашу бойынша арнайы Жол картасы әзірленді, дейді әкім.

«Бұл тек қана жай университет емес, Канада университеттері консорциумының келуі жоспарлануда. Жобасы дайындалып жатыр. Біраз тәжірибелерді зерттедік. Канаданың өзінде зауыттар жабылып, университеттер қаланы көтеріп кеткен мысалдары бар. Бұл университеттер экономиканы әртараптандыруға, жастардың келуіне, жаңа жұыс орындарының құрылуына әкеліп, үлкен экономикалық эффектісі күтілуде», - деп мәлім етті Ұлытау облысының әкімі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить