Қытайда Қазақстанның туристік әлеуеті таныстырылды

10514

Қытайдың астанасында Қазақстанның туристік әлеуеті бойынша Роуд-шоу өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі. 

Роуд-шоуды Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолғабысымен Астана мен Шымкент қалаларының туризм басқармалары және «Kazakh Tourism «ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Елшіліктің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев өзінің ашылу сөзінде екі елдің халықтары үшін байланыстырушы буын болған ежелгі «Жібек жолы» заманынан бері қалыптасқан Қазақстан мен Қытайдың тарихи байланысын атап өтті. Қазақстанның туристік саласын дамыту жөніндегі саясаты мен жетістіктерін таныстырып, қытайлық туристерді Қазақстанға тарту жөніндегі жұмысты жандандыруға шақырды.

Қытай туристік қызметтер қауымдастығының Президенті Ду Сяньчжун өз сөзінде Қазақстан Батыс пен Шығыс арасындағы табиғи көпір бола отырып, орасан зор туристік әлеуеті мен таң қалдыратын көрістері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, өзара визасыз режим екі елдің туристік іс-қимылына және туристік ағындардың ұлғаюына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Роуд-шоу аясында «B2B» кездесулері ұйымдастырылды, оның барысында жергілікті туристік қоғамдастықтың қазақстандық туроператорлармен және әуекомпаниялармен келіссөздері өтті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить