Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды

13752

Әнші Димаш Құдайберген шахтада әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды, деп хабарлайды Kazinform

Қарағандыдағы Костенко шахтасында қаза тапқан 46 азаматтың артында қалған отбасыларына мемлекет те, жеке кәсіпкерлер де қолұшын созып жатыр.

Әйгілі әнші Димаш Құдайберген де осы отбасыларға қайырымдылық жасаудан қалыс қалған жоқ. Ол сол апатта әкелері қайтыс болған, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар 20 отбасыға 1 миллион теңгеден аударды.

Айта кетейік, 28 қазан сағат 02:33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апат болып,  46 кенші қаза тапты. 

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить