Қарағанды облысы Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

13201

Әділет вице-министрі Ботагөз Жакселекова Қарағанды облысы Әділет департаментінің ұжымына жаңа басшысы Арсен Тезекбаевты таныстырды.

Арсен Боранбайұлы Тезекбаев 2009-2023 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2023 жылы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері және осы жылдың тамыз айынан бастап «Фридом Телеком» ЖШС корпоративтік қауіпсіздік қызметінің басшысы болған.

Вице-министр Мемлекет басшысының министрлік алдына қойған міндеттеріне тоқталып, жаңа басшының жұмысына сәттілік тіледі. Алдағы уақытта Арсен Тезекбаевтың басшылығымен Қарағанды облысының әділет департаменті азаматтардың құқықтарын қорғауда және құқықтық жүйені қамтамасыз етуде табысты жұмысын жалғастыратынына сенім білдірді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить