Су ресурстары және ирригация министрі Мажарстанның Қазақстандағы елшісімен су саласындағы ынтымақтастықты талқылады

2127

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Мажарстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Тараптар еліміздегі су саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Мәселен, 20 қарашада Будапештте халықаралық су форумы өтеді. Оған Қазақстанмен жұмыс істеуге қызығушылық танытқан, су үнемдеу технологияларын әзірлеумен айналысатын ірі мажарлық компаниялар қатысады. Аталған форумға ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі мен отандық бизнес өкілдері де қатысуға ниетті.

Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов Су ресурстары және ирригация министрлігі мажарлық компаниялармен ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруға және Қазақстанда болашақ әріптестермен кездесу ұйымдастыруға дайын екенін атап өтті.

«Жақында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанды қабылдады. Кездесуде қос мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды. Менің ойымша, мажарлық компаниялармен бірлескен жобалар осы бағыттағы нақты қадам болып қана қоймай, отандық су саласына заманауи және тиімді технологияларды енгізуге мүмкіндік береді», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить