Қарабаев әлемдегі ірі логистикалық компаниялардың басшыларымен кездесті

2041

Мемлекет басшысының Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы тапсырмасына сәйкес көлік министрі Марат Қарабаев республиканың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша шетелдік компаниялармен бірқатар екіжақты кездесуөткізді

S Sistem Lojistik түрік компаниясыныңбасқарма төрағасы Хусейн Барлынмен кездесуде Ақтөбе әуежайында жаңа жүк терминалын салуға инвестициялар тарту мәселесі талқыланды.

Бұған дейін қаланың әуе айлағы әуежай базасында көлік-логистикалық хаб құруға мүмкіндік беретін инновациялық пошта терминалын салу үшін «Қазпошта» АҚ-ға іргелес 3,2 га жер учаскесін берген болатын.

S Sistem Lojistik Түркияның негізгі әуежайларының (Стамбул, Анкара, Измир, Анталья, Даламан, Бодрум) авиациялық жүк-терминалдарында 150 мың шаршы метрден астам қойма үй-жайлары бар.

Түркиядан келген тағы бір конгломераттық компания Albayrak Group Каспийдегі теңіз портының инфрақұрылымын жаңғыртуға инвестиция салуға дайын. Халықаралық бизнесті дамыту жөніндегі директор Джумхур Гюзелтчи компанияның мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Albayrak Group Трабзон, Могадишо, Конакри және Баку қалаларындағы порттарды басқарады. Холдинг жүктерді үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етуге және Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы тасымалдау көлемін ұлғайтуға қызығушылық танытады.

Global DTC (сингапурлық PSA-ға тиесілі) және KPMC (PSA және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бірлескен кәсіпорны) компанияларының басшылығымен кездесуде Азия мен Еуропа арасындағы Транскаспий халықаралық көлік маршруты бойынша транзит пен сауданы дамытуға қатысты мәселелер көтерілді.

2022 жылғы тамызда «ҚТЖ» мен PSA арасында Транскаспий халықаралық көлік маршруты менцифрлық сауда дәлізін дамыту саласындағы ынтымақтастықты көздейтін меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.

PSA International – Сингапурдағы жетекші компаниялардың бірі, құрамына 60-тан астам теңіз, теміржол және ішкі терминалдар кіреді.

Сонымен қатар министр Марат Қарабаев Rail Cargo Group өкілі Даниэль Дезсомен кездесіп, екі жақ компанияның ТХКМ қауымдастығына кіру және Қазақстанда өкілдік ашу мүмкіндіктерін талқылады.

Rail Cargo – Австриядағы тәуелсіз жүк тасымалдау компаниясы, Еуропаның 18 елінде кеңселері бар. Компания ЕО-дағы жетекші теміржол логистикалық компаниялардың бірі болып табылады және жылына 507 мыңға жуық пойызға қызмет көрсетеді.

Қазіргі уақытта Rail Cargo Транскаспий халықаралық көлік маршрутына баса назар аударып отыр.

Мүдделі тараптармен жүргізілген келіссөздер барысында М.Қарабаев Президенттіңтапсырмасына сәйкес көлік министрлігі елдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға ерекше назар аударатынын атап өтті. Осыған байланыстыведомство қажетті қолдау шараларын көрсетугедайын.

«Бүгінде министрліктің алдында Қазақстанның сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайту міндеті тұр. Мемлекет басшысы республика әуежайларында мультимодальды хабты дамытудың маңыздылығын атап өтті», деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы Транскаспий халықаралық көлік маршрутының маңызды буынысаналатын Орта дәлізді одан әрі дамыту жоспарларымен бөлісті.

«2022 жылдың қараша айында Әзербайжан, Грузия және Түркиямен бірлесіп «тар жерлерді»синхронды түрде жою жөніндегі Жол картасына қол қойылды. Нәтижесінде 2027 жылға қарай Транскаспий халықаралық көлік маршрутының өткізу қабілетін жылына 6 млн тоннадан 10 млн тоннаға дейін ұлғайту және жеткізу мерзімін 14-18 күнге дейін қысқарту жоспарланып отыр. Өздеріңіз білетіндей, орта дәліздің географиясы белсенді түрде кеңейіп келеді. Біз осы саладағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайынбыз», деп атап өтті көліксаласына жауапты министр Марат Қарабаев.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить