Маңғыстауда жергілікті әкімдік, өндірушілер және сауда желілері арасында үш жақты меморандумға қол қойылды

3432

Маңғыстауда облыс әкімдігі мен жергілікті өндіріс тауарларын ілгерілетуге жәрдемдесу бойынша
үш жақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Жиын барысында ең алдымен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Жұмабай Қарағаев кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 1 қыркүйек күні «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына жолдауы аясында «Мемлекет отандық өнім өндірушілерді қорғауға міндетті» және «Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70%-ға жеткізуіміз керек.Бұл – нақты міндет» деген. Тапсырмаға сәйкес өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданыста бар өндірістердің қуаттылығын арттыруға және жаңа азық-түлік өндіріс көздерін ашуымыз қажет. Осы орайда, мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыстық әкімдік, жергілікті азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда желілері арасындағы үш жақты ынтымақтастық меморандумға отыруға келісілді. Келісілген меморандум 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды. Қолдау білдірген кәсіпкерлерге ризашылығымды білдіремін,-деді Жұмабай Қарағаев.

Меморандум аясында жергілікті тауар өндірушілерге келесідей қолдаулар көрсетіледі: сауда объектілеріндегі сөрелерде жергілікті тауарларды көрінетін және физикалық қолжетімді орындарға орналастыруға және сауда алаңдарын барынша ұсынуды, бес пайыздан аспайтын сыйақы мөлшерлемесін (ретробонус) белгілеуге, жеткізілген өнім үшін төлемді 14 тәуліктен асырмай төлеуге, сауда желісіне енгізген өнімнің жаңа түрі үшін ақы алмауға, акциялар (жеңілдіктер) өткізуге міндеттемеу қамтылған.

Бұл өз кезегінде, жергілікті тауар өндірушілердің өндіріс қуаттылығын арттыруға және тауар бағасын тұрақтандыруға жол ашады.

Одан бөлек, орталық мемлекеттік органдарға инвесторлардың мүдделеріне байланысты заңнамалық тұрғыда бастамашылықтар жасалды.
Сондай-ақ, осы бағытта жауапты прокурор бекітілді. «Атамекен» ҰКП ғимаратында прокурор кабинеті ашылып, фронт-офис құрылды және «WhatsАpp» мессенджері арқылы «Инвесторларды қорғау» чаты ашылды.

Жиын барысында кәсіпкерлер де өз ой пікірлерін айтты.

- Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге үлкен жеңілдік жасалып жатыр. Сауда желілерінің жергілікті өнеркәсіпті қолдауы өңіріміздің өсіп,өркендеуіне септеседі. Барша кәсіпкерлердің атынан алғыс айтамын,- дейді «Maga-Bread» ЖШС директоры Мағауия Сауғабаев.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить