Қазақстандық оқушылар панамада өткен робототехникадан дүниежүзілік олимпиадада жеңімпаз атанды

7529

Қазақстандық оқушылар Панама қаласында робототехникадан өткен дүниежүзілік «World Robot Olympiad» олимпиадасында жеңімпаз атанды. Сайысқа 80-нен астам мемлекеттің 10-19 жас аралығындағы 6-11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Мақсаты – роботтарды жобалау, бағдарламалау, инженерлік ғылымдар және басқа да инновациялық білім беру технологиялары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Робототехникада дүниежүзілік олимпиаданың қорытындысы бойынша, қазақстандық үш команда жүлдегер атанды. Атап айтқанда, «Future Engineers» категориясында астаналық 10-сынып оқушылары Ансар Саурбаев және Амир Карабаев 2-орын (күміс);

«Robo Mission» категориясында Астана қаласының 8-9 сынып оқушылары Вагиз Дисембаев пен Жанарыс Капаров 3-орын (қола);

«Future Engineers» категориясында Қызылорда қаласының 11-сынып оқушылары Максим Усольцев пен Дінмұхамед Әбдиев 3-орын (қола) алды.

Дүниежүзілік роботтар олимпиадасы алғаш рет 2004 жылы Сингапурда 1-ші роботтар сайыс-фестивалі ретінде өткен болатын. Қазақстан аталған олимпиадаға 2014 жылдан бері қатысып келеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить