«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның бас директоры тағайындалды .

7426

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры болып Жеңіс Осербай тағайындалды. Жеңіс Осербай 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Экономика саласында PhD докторлық дәрежесі бар, жобалау менеджері, жеткізу тізбегін басқару маманы. Еңбек жолын 2000 жылы қаржы секторында бастаған. Әр жылдары «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес ұйымдарында басқарушылық позицияларда жұмыс істеді. 2021-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды, АӨК-ке инвестициялар тарту, АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, халықаралық интеграция, агроазық-түлік нарықтарын реттеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның Директорлар кеңесін басқарды. 2023 жылдың қазан айынан бастап осы тағайындауға дейін «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ы Директорлар кеңесінің мүшесі, Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болды. Жеңіс Осербай «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас директоры Рустам Асулбектің орнына келді, ол өз өкілеттігін өз қалауы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатты. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить