Еңбек нарығындағы жағдай

13290


Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректеріне сәйкес, 2023 жылғы III тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады.

Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 106 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 6 916,1 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 75,9%) жалдамалы қызметкер болса, 2 189,9 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 24,1%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,5% құрады.

Былтырғы жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 134,5 мың адамға өсті, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 78,4 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 56,1 мың адамға.

Өткен тоқсанмен салыстырғанда жұмыспен қамтылған халық санының ең көп өсімі денсаулық сақтау, ойын-сауық және демалыс, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету, көлік және қойма салаларында байқалды.

15-34 жас1) арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,3% құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,1% (381,7 мың адам) құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы қазан айының соңына қарй 285,8 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3%-ын құрады.

Анықтама:

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

1) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить