ҰЭМ басшысы Халықаралық валюта қоры миссиясының өкілдерімен кездесу өткізді

4681

Іс-шара барысында Қазақстан экономикасының даму перспективалары, сондай-ақ жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің жобаларына енгізілген реформалар талқыланды.

Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2029 жылға қарай экономиканың 6% өсуі және ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) екі есе артуына бірінші кезекте негізгі капиталға инвестицияларды ынталандыру есебінен қол жеткізіледі. Инвестиция көздерінің бірі жаңа тарифтік саясат болмақ.

Сонымен қатар ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесін арттыру, жоғары табысты салалар үшін КТС (корпоративтік табыс салығы) ставкаларын саралау, ЖТС (жеке табыс салығы) прогрессивті шкаласын енгізу, сән-салтанатты заттарға салық салу, жаңа Бюджет кодексінің жобасында ХВҚ ұсынымдарын имплементациялау, оның ішінде бюджет ережелерінің тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Халықаралық валюта қоры қосылған құн салығын 12%-дан 16%-ға дейін көтеруді қолдап, бұл отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті.

ХВҚ миссиясының басшысы Николя Бланше елде жүргізіліп жатқан реформалар бойынша Халықаралық валюта қоры техникалық қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

ХВҚ миссиясының қорытындысы бойынша арнайы мәлімдеме дайындалады. Миссия 21-ші қарашада аяқталады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить