Нұркен Әшіров Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындалды

5606

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры қызметіне тағайындалған Нұркен Әшіровті өнер-білім ордасының ұжымына таныстырды.

Нұркен Әшіров Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік стипендия иегері.

2004-2010 жылдары Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрінің Бас концертмейстері және солисі қызметін атқарған.

2018-2019 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы ҚҰК Халық музыкасы факультетінің деканы қызметін атқарған.

2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры қызметін атқарды.

Аида Балаева Қазақ ұлттық консерваториясының жаңа басшыны құттықтап, қызметін абыроймен атқаратынына үлкен сенім білдіріп, жұмысына сәттілік тіледі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить