Түрік компаниясы құны $200 миллион болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдейтін зауыт салады

4148

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ алаңында ұлттық компанияның басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жандос Темірғали мен «Тиряки Агро» бас директоры Сүлейман Тирякиоглу арасындағы келіссөздер өтті. Кездесуде тараптар астық және бұршақ дақылдарын тереңдетіп өңдейтін зауыт салу жоспарын талқылады.

Tiryaki Agro – бұршақ, дәнді дақылдар, жаңғақтар, майлы дақылдар сияқты ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен және сатумен, сондай-ақ мал азығы мен органикалық өнімдерді өндірумен айналысатын, айналымы 2,5 миллиард доллардан асатын жетекші түрік компаниясы. Компания 4 континентте және 11 елде жұмыс істейді. Tiryaki Agro 40-тан астам елден өнім сатып алып, әлемнің 50-ден астам еліне сатады.

Сүлейман Тирякиоглу компанияның инвестиция алдындағы нарықты талдау процесін аяқтағанын және бірінші кезеңде зауыт құрылысына шамамен 200 миллион доллар инвестициялауды жоспарлап отырғанын атап өтті.Оның айтуынша, бастапқы кезеңде бидай мен бұршақтан «тірі» клейковина, табиғи және модификацияланған крахмал, мал азығын өндіру жоспарлануда. Екінші кезеңде глюкоза, фруктоза, глютен және ақуызды өндіру жоспарлануда. Түрік кәсіпкері Қазақстанның орналасқан жерін ескере отырып, компанияның өңдеу деңгейі жоғары өнімді экспорттау мүмкіндігі зор екенін атап өтті.

Kazakh Inves басқарма төрағасының міндетін атқарушы Жандос Темірғали Түркияның тәуелсіздік жылдарында жалпы құны 2,8 миллиард доллар болатын 65-тен астам жобаны жүзеге асырған Қазақстанның маңызды серіктесі екенін атап өтті. Бүгінгі таңда шикізаттық салалардың көптігін ескере отырып, Қазақстан агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу деңгейі жоғары жобаларға басымдық беріп отыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить