ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстандағы салықтық мәліметтердің құпиялылығына оң баға берді

3551

Осы жылдың қазан айында Қазақстан ЭЫДҰ сарапшыларының сапарының қорытындысы бойынша құпиялылық және салықтық мақсаттарда алынатын ақпаратты сақтау кепілдігі тұрғысынан оң баға алды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Бағалау жөніндегі есепті талдау Қазақстанда қолданыстағы құпиялылықты және ақпарат үшін деректерді қорғау жүйесін қамтиды, оның алмасуы AEOI стандартына (Автоматты ақпарат алмасу), сұраныс бойынша ақпарат алмасу стандартына (EOIR стандарты), сондай-ақ салық шешімдерімен алмасу стандарттарына (ETR) сәйкес жүзеге асырылады.

ЭЫДҰ сарапшылары тексерулердің бірнеше кезеңдерін, оның ішінде 2021 жылғы наурыз-сәуір айларында бейнеконференция және 2023 жылғы 4-5 шілдеде Қазақстанға ресми сапары арқылы өткізді.

Сапар барысында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның халықаралық және ішкі құқықтық базасы басқа юрисдикциялардан алынған ақпаратпен жұмыс істеу кезінде құпиялылық талаптарын, сондай-ақ ақпаратты ашу мен пайдалануға шектеулерді сақтаудың жеткілікті кепілдігін қамтамасыз ететінін оң атап өтті.

Қорытындылай келе, ЭЫДҰ сарапшылары Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық деректердің қауіпсіздігіне жалпы көзқарасы халықаралық деңгейде танылған стандарттар мен озық тәжірибелерге сәйкес келетіндігін атап өтті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube