Қазақстан мен Кирибатидің бірлескен бастамасы БҰҰ Бас ассамблеясының бірінші комитетінде қабылданды

2916

Қазақстан мен Кирибати бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Бірінші Комитетінің 78-сессиясы барысында «Ядролық қару мұрасын шешу: ядролық қарудың қолданудан немесе сынақтан зардап шеккен мемлекеттерге зардап шеккендерге көмек көрсету және қоршаған ортаны қалпына келтіру» атты резолюция қабылданды».

Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің басым бөлігі резолюцияны қолдайтынын білдірді.

Ядролық сынақтардың зардаптарынан зардап шеккен Қазақстан мен Кирибатидің бастамасы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету және аумағында ядролық қару сынақтары жүргізілген мемлекеттерге келтірілген залалды жоюға жәрдемдесу үшін БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясы түріндегі әмбебап халықаралық құқықтық базаны құруға бағытталған.

Сондай-ақ, резолюцияда радиациямен ластанған аумақтарды (жер және су беттері) қалпына келтіруге келтірілген залалдың көлемі мен қажеттілігін бағалау, практикалық және қаржылық көмек көрсету қарастырылған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить