Қазақстан СІМ-де ақпаратқа қол жеткізу және сайлау заңнамасы талқыланды

3320

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының (бұдан әрі – «АӨДА» ККО) кезекті отырысы ұйымдастырылды.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, Жоғарғы Соттың судьясы, Орталық сайлау комиссиясының, Конституциялық соттың, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесінің, мүдделі министрліктердің, қазақстандық құқық қорғау ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ, халықаралық әріптестердің өкілдері, оның ішінде, БҰҰ Даму Бағдарламасы, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және басқалар қатысты.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова өз сөзінде 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша қабылданған конституциялық реформаларды іске асырудағы азаматтық қоғамның рөлін ерекше атап өтті.

«АӨДА» ККО отырысына қатысушылар ақпаратқа қол жеткізу құқығы, мемлекеттік органдардың қызметінде жариялылықты қамтамасыз ету және жеке өмірді құқықты қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өткен президенттік және парламенттік сайлау аясында сайлау заңнамасын, институттар мен рәсімдерді реформалау мәселелерін талқылады.

Күн тәртібін талқылау ашық және сындарлы сипатта болды, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның одан әрі бірлескен жұмысы үшін ұсынымдар пакеті әзірленді.

Қорытындылай келе, «АӨДА» ККО қатысушылары іс-шараны қорытындылады және «АӨДА» ККО келесі отырысын 2023 жылдың қарашасына жоспарлады.

«АӨДА» ККО 2013 жылы ҚР СІМ бастамасымен құрылды. Алаң Үкімет пен азаматтық сектор арасындағы диалогты ілгерілетудің тиімді құралы болып табылады. Алаңда халықаралық ұйымдардың (БҰҰДБ, БҰҰ АҚЖКБ, ЕҚЫҰ және т.б.) байқаушылары ретінде қатысу кезінде адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі өзекті мәселелері талқыланады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить