Сайрамдық шаруалар жылыжайда банан өсіріп жатыр

3549

Түркістан облысының Сайрам ауданында банан өсіріліп жатыр. Бұл туралы Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.

Сайрам ауданына биылғы жылдың 9 айында 38,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға өскен.

Сонымен қатар, аймақта жалпы өңірлік өнім көлемі де едәуір артқан. Дәлірек айтсақ, көрсеткіш 185 млрд теңгеге жетіп, өсім 103,3%-ды құрап отыр.

Ауданда бірнеше жоба іске қосылған. Солардың бірі «Gen Group Kazakhstan» компаниясының қолға алуымен банан өсіріліп жатыр. Қайнарбұлақ ауылдық округінде орналасқан жылыжай аумағы 5,3 га құрайды.

«Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни бұндай кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар. Жылыжай жылына 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді»-деді ауданы әкімі Арман Сабитов.

Аудан басшысының айтуынша, сайрамдық «ART Boilers» ЖШС-і Қытай еліндегі ірі жылыту қазандықтарын өндіретін «SNDWAY NEXHOLOGY CO.,LTD» компаниясынан 17 тонна пар шығаратын қазандықтар алуға және бірлесіп мамандарымен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуге келісім жасаған. Сондай-ақ, «Ет Агро Манкент» ӨК-і мен «Тұран агро Ет-сүт» АШӨК - мал бордақылау кешені, мал сою алаңы, етті терең өңдейтін цех құрылысы және қанды өңдеу кәсіпорындары құрылысын жүргізуге «ZHONG BANG HAO TONG» компаниясымен құрал-жабдықтарды сатып алуға ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Нәтижесінде сайрамдық кәсіпкер қытайлық компаниямен бірлесіп мал терісін, қаны мен сүйегін қалдықсыз өңдейтін зауыт салмақ.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить