«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының онлайн дауыс беру кезеңіне 27 компания өтті

3622

2023 жылғы 27-28 қазанда Астанада «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының республикалық кезеңі өтті. Онда өңірлік кезеңдердің 180 жеңімпаз компаниясы ұсынылды. Көрме қорытындысы бойынша онлайн-дауыс беру кезеңіне 27 финалист іріктелді.

Онлайн дауыс беру www.altynsapa.kz сайтында 31 қазаннан бастап 5 қараша сағат 24:-00-ге дейін жалғасады. Дауыс беру мынадай номинациялар бойынша өтеді:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

«Халыққа арналған үздік тауарлар»;

«Үздік азық-түлік тауарлары»

 Әр номинациядан 3 жеңімпаз анықталады.

Дауыс беру үшін сайт www.altynsapa.kz сайтының басты бетінде «Онлайн дауыс» беру түймесін таңдау керек. Кейін әр номинация бойынша 3 кәсіпорыннан таңдап, дауыс беру керек. Дауыс беру үшін ұялы байланыс операторының ұялы желісі арқылы мобильді құрылғылардан жүргізу ұсынылады. Бұл шара IP мекенжайларының қақтығысын болдырмау үшін қажет. Әр құрылғыдан жалпы алғанда 9 кәсіпорын үшін бір рет дауыс беруге болады.

Дауыс беру кезеңі аяқталған соң финалистердің сараптамалық қорытынды, бағалау және дауыс беру нәтижесінен тұратын материалдары ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауының лауреаттары  және ҚР Президентінің Әкімшілігі жанындағы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанттары атақтарын беру жөніндегі комиссияға жолданды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить