Костенко атындағы шахтада болған оқиғаларды тергеу жалғасып жатыр – Бас прокуратура

6493

Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы шахтасында болған оқиғаларды тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. 

Жергілікті орында үйлестіруді Бас прокурордың бірінші орынбасары жүзеге асырып жатыр. Газ-метан қоспасының жарылуының себебін анықтау мақсатында шахтаға түсу арқылы оқиға орнын алғашқы тексеру жүргізілді.

Ауысым қызметкерлерінен, «АМТ» Көмір департаментінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінен жауап алынды. Бірқатар сот сараптамалары, оның ішінде жарылыс-техникалық, биологиялық, геномдық-молекулалық және т.б. тағайындалды. Кеншілер еңбегінің қорғалуының материалдық қамтамасыз етілу талаптарына сәйкестігін тексеру және қорытынды беру үшін мемлекеттік аудит мамандары мен басқа да сарапшылар тартылды.

Шахтада жұмыстарды ұйымдастыруға және қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге арналған құжаттамар алынып, талдау жүргізіліп жатыр. Өзге де қажетті іс-шаралар өткізілуде. Кінәлі тұлғалардың іс-әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады. Зардап шеккендер мен туыстарының қатысуымен өткізілетін тергеу әрекеттері олардың денсаулық жағдайы және жерлеу рәсімдерін өткізу қажеттілігін ескере отырып жүргізілетін болады.

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауында. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить