Қазақстанда қыркүйек айынан бері 6400 адам банкрот деп танылды

8066

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң аясында ағымдағы жылдың 3-ші наурызынан бастап 70 мың өтініш келіп түскен. Олардың өтініштері қаралып, алты ай бойы сараптама жүргізілді. Қыркүйек айынан бастап банкроттық статусы беріле бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті.

«6400 адам банкрот деп танылды... Берешек сомасы 9 млрд теңгені құрады. 3500 азаматтың қарыздардың мерзімі 5 жылдан астам болған. 3500 адамның проблемалық қарыздарын азайттық. Банкрот деп танылған азаматтардың 645-і –адрестік әлеуметтік көмек алушылар болып саналады», - деп хабарлады салалық министрлік өкілі.

Сондай-ақ қаржы вице-министрі банкрот деп танылған қазақстандықтар қай өңірлердің тұрғындары екені туралы да мәліметті жариялады.

«Ең көп банкрот деп танылған азаматтар Алматы облысы бойынша – 801 адам, екінші кезекте – бұл Жамбыл облысы – 677 адам және де үштікті Алматы қаласының тұрғындары қорытындылайды – бұл 606 адам. Ең аз банкрот деп танылған азаматтар – Ұлытау облысында тұрады, онда 41 адам банкрот деп танылды, екінші кезекте Солтүстік Қазақстан – 114 адам және де Батыс Қазақстан – 127 адам банкрот деп танылды», - деп тізіп шықты спикер.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить