Спорттық акробатикадан төрт қарағандылық дуэт Азия чемпионы атанды

Қарағанды гимнастика мектебінің тәрбиеленушілері спорттық акробатикадан Азия чемпионаты тұғырының жоғарғы сатысына төрт рет көтерілді. Құрлықтық біріншілік Ташкентте өтті.

13-ші Азия чемпионатына Үндістан, Гонконг, Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ең мықты акробаттары қатысты. Барлығы 170-ке жуық спортшы бақ таластырды. Марапаттар төрт жас санатында өтті: 15 жастан асқан сеньорлар, сондай-ақ 11–16, 12–18, 13–19 жас аралығындағы жасөспірімдер.

Алтын медальдарды қарағандылық дуэттер жеңіп алды: Даниэль Диль мен Вадим Шуляр, Игорь Шевченко және Афина Василаки, Илларион Мацымоха және Диана Высоцкая, София Кардапольцева және Малика Манкенова.

Сондай-ақ, құрлықтық біріншілікті өткізу кезеңінде "Азия жұлдыздары" халықаралық турнирі өтті. Өзбекстандағы осы спорт түрінің негізін қалаушы, еңбек сіңірген жаттықтырушы Николай Лакизаны еске алуға арналған жарыстар. Ресей, Беларусь, Қазақстан және Өзбекстан акробаттары қатысты. Мұнда да қарағандылықтар ерекшеленді. Денис Андриевский мен Радмила Антоненко жұбы алтын, Руслан Мелешко және Алиса Котова – күміс, Диас Жеңіс және Дилара Байбакушева – қола жеңіп алды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте