Қайрат Төребаев ҚХР Цзянси провинциясының өкілдерімен өзара сауданы талқылады

3712

2023 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Цзянси провинциясы Халықтық үкіметінің партиялық тобының мүшесі, Қытай Халық Республикасының Цзянси провинциясы губернаторының орынбасары Сунь Хуньшань арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жай-күйі мен одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Қайрат Төребаев қазақстандық компаниялардың Қытай нарығына ауыл шаруашылығы тауарларының экспортын ұлғайтуға мүдделі екендігі туралы хабарлады.

Сунь Хуньшань, өз кезегінде аймақтың мүмкіндіктері туарлы хзабарлады және ынтымақтастық орнатуға шақырды, сонымен қатар, қазақстандық тарапты Цзянси провинциясына сапар жасауға және провинцияда өткізілетін бір қатар халықаралық іс-шараларға қатысуды ұсынды.

Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында болған екі ел делегацияларының өзара сапарларын атап өтіп, Тараптар делегациялардың тұрақты алмасуы екі мемлекеттің мүдделі аймақтары арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға және өзара тиімді негізде ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді деген бірауыздан пікір білдірді.

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 24,2 млрд долларды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда (18,0 млрд доллар) 34,5%-ға өсті. Бұл ретте экспорт 33,6%-ға өсіп, 13,1 млрд АҚШ долларын құрады, онымен қоса импорт 35,4%-ға өсіп,
11,1 млрд АҚШ долларын құрады. 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында екіжақты сауда көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (13,5 млрд доллар) 20,6%-ға өсіп,
16,3 млрд долларға жетті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить