Батыс Қазақстан облысында өрт кезінде 45 адам құтқарылып, эвакуацияланды

2006

2023 жылғы 31 тамызда сағат 05: 19-да Орал қаласы , Есенжанов көшесі, 1/1 мекенжайы бойынша өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен қызметкерлер осы мекенжай бойынша көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатында қосалқы үй-жай өртенгенін анықтады. Өрт шамамен 60 шаршы метр аумақта болды.

Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам , оның ішінде 2 бала құтқарылды, 27 адам , оның ішінде 7 бала эвакуацияланды. Пәтерлердің бірінен жану өнімдерімен улану белгілері бар 1973 жылы туған ер адамның денесі табылды, сондай-ақ 1979 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Сондай-ақ 1965 және 1937 жылы туған 2 адам орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен улану диагнозымен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнында Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің 68 өрт сөндірушісі мен
20 бірлік техникасы жұмыс істеді.

Өрт сағат 06.09-да оқшауланып, сағат 06. 34-те толығымен сөндірілді.

Өрттің себебі анықталуда.
Өрттің алдын ала себебі ретінде отты абайсыз пайдалану нұсқасы қарастырылуда.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнында өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде.

Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube