Жаңбыр және қар суын жинауға арналған резервуарлар салу жобасы таныстырылды

1907

Қазақстан Республикасы президентінің су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы америкалық және израильдік компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізді

Кездесу барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділхан Өмірбаев қар, жаңбыр суын және тазартылған сарқынды суларды тиімді пайдаланудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Atrafin Bank (АҚШ), World Vision Solutions (Израиль), Greenlight Business Ventures (Израиль) өкілдері көлемі 5 млн текше метрге дейінгі жаңбыр және қар суын жинауға арналған резервуарлар салу жобасын таныстырды. Мұндай резервуарлардың бірқатар артықшылығы бар. Атап айтқанда, суды үнемдеу, экологиялық артықшылықтары және ландшафттық суару.

Мамандардың пайымдауынша, жауын-шашын суын жинау және сақтау қалалық елді-мекендерді сумен жабдықтау қажеттілігін азайтып, суды үнемдеуге көмектеседі. Жобаның экологиялық артықшылықтарына тоқталатын болсақ, арнайы резервуарда жаңбыр және қар суын жинау судағы ластаушы заттарды азайтуға көмектеседі. Өз кезегінде ландшафттық суару жиналған су көлемін суару, ландшафты дизайн және ашық ауада басқа да мақсаттарда пайдалануға мүмкіндік беріп, тазартылған суға деген қажеттілікті азайтады.

Алқалы кездесудің қорытындысы бойынша тараптар су ресурстарын пайдалануды оңтайландыру, оның ішінде Қазақстанда пилоттық жобаны іске асыру мәселелерінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube