Ертең президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

1787

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.

Жолдаудың мәтіндік трансляциясын президенттің баспасөз қызметінің Телеграм арнасынан оқуға болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube