«Қазгидромет» тамыздың 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады

1859

 

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, екпінді жел тұрады, нөсер жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да мүмкін.

Елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Атырау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік жартысында, Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube