Жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салу күшіне енді

4431

30 тамыздан бастап, жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салына бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Президент 29 маусым күні «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді. Аталған заң бүгін күшіне енді.

Осы заң арқылы «Жол қозғалысы туралы» заңға түзетулер енгізілді, олар көлік құралдарының жаңа түрлерінің – «Электр скутері» мен «Шағын электр көлік құралдарының» мәртебесін анықтады. Шағын электр көлігіне гироскутерлер, сигвейлер, монокөліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері жатады.

Ал, электрлік скутер – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электрлі көлік құралы.

Қолданыстағы заңнамада осы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Осылайша, құқықбұзушылықтар анықталса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.

Сонымен бірге, самокаттарды жалға беретін кикшерингтік компаниялар жалпы «жосықсыз клиенттер тізімін» құруды ұсынып отыр. Жол қозғалысы ережелерін, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзатын, скутерді дұрыс емес жерде қалдыратын пайдаланушыларға барлық компания бір мезгілде қызмет көрсетуден бас тартуы мүмкін.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube