ҚР ИИДМ: «Жыл соңына дейін реконструкциядан өткен 1 мың шақырымнан астам жол пайдалануға берілмек»

4411

Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Ағымдағы жылы 6,4 мың шақырым автожол жол-құрылыс жұмыстарымен қамтылды, соның 3,6 мың шақырымы – қайта жаңарту болса,2,8 мың шақырымы – жөндеу жұмыстары. Аталған жобаларда 8 мыңнан астам жол-құрылыс техникасы мен 12 мың маман жұмылдырылған.

Жыл қорытындысы бойынша 1 мың шақырымнан астам жаңа жабыны бар қайта жаңарту учаскелері бойынша қозғалыс ашу және жыл соңына дейін 856 шақырымын пайдалануға беру көзделген. Бұдан бөлек, тозу қабатын қалпына келтіру бойынша орта мерзімді жөндеу жұмыстарын жүргізу қорытындысы бойынша 826 шақырымды пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл ретте жобаларды іске асыру барысында жол-құрылыс жұмыстарының қымбаттауына және жобаны түзетуге байланысты қиындықтар туындады, оған жұмыстарды аяқтаудың жалпы мерзімдеріне әсер еткен қосымша уақыт жұмсалды.

Батыс өңірлердегі жобаларға 1 мың шақырымнан астам тасымалдау қашықтығына байланысты темір жол көлігімен инертті материалдарды жеткізудегі тапшылық пен күрделілік айтарлықтай әсер етті.

Дегенмен, жолшылар айналма жолдарды қысқарту және жаңа асфальт арқылы қозғалысты ашу бойынша барынша күш салды.

Жобалар бойынша бөлек тоқталайық:

«Орталық-Оңтүстік» дәлізі – жалпы ұзындығы 946 шақырым, бүгінгі таңда қозғалыс 700 шақырымнан астам жаңа жабын бойынша немесе жоба бойынша бүкіл ұзындығының 74%-ында ашылған.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа жабыны бар учаскелер бойынша қозғалысты ашу, сондай-ақ 200 шақырымнан астамын пайдалануға беру көзделуде.

Пайдалануға беру жұмыстарының толық аяқталуы 2024 жылы кезең-кезеңімен жоспарланып отыр.

«Қарағанды-Балқаш» - ұзындығы 363 шқ, қозғалыс 321 шқ-ында ашылған;

«Балқаш-Бурылбайтал» - ұзындығы 288 шқ, қозғалыс 183 шқ-ында ашылған;

«Құрты-Бурылбайтал» - ұзындығы 228 шқ, қозғалыс 179 шақырымы бойынша іске асырылуда;

«Құрты-Қонаев» - ұзындығы 67 шқ, қозғалыс 30 шқ-ында ашылған.

«Мерке-Бурылбайтал» - ұзындығы 262шқ, соның 62 шақырымы пайдалануға берілген, бүгінгі таңда қозғалыс барлық ұзындығында қамтамасыз етілген.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 120 шақырымды пайдалануға беру жоспарлануда, қалған 80 шақырымы 2024 жылы пайдалануға беріледі.

 

Ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа жабыны бар учаскелер бойынша қозғалысты ашу көзделген.

Жұмыстар толық аяқталып, жоба 2024 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Ақтөбе-Атырау- РФ шекарасы(Астраханьға) - ұзындығы 732 шқ, бүгінгі күні жоба бойынша 630 шақырымнан астамында жаңа жабын бойынша қозғалыс іске асырылуда.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 102 шақырым бойымен жаңа жабыны бар қалған учаскелер бойынша қозғалыс ашу, сондай-ақ 382 шақырымнан астамын пайдалануға беру көзделген.

Жоба 2023-2024 жылдары кезең-кезеңмен аяқталып, пайдалануға беріледі.

Учаскелер бойынша тоқталсақ

«Ақтөбе-Қандыағаш» - ұзындығы 96 шқ, қозғалыс 68 шақырымы бойынша іске асырылуда;

«Қандыағаш-Мақат» - ұзындығы 359 шқ, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беруге дайындалуда;

«Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)» - ұзындығы 277 шқ, қозғалыс пайдалануға берілген 20 шақырымдық учаскені қоса алғанда, 204 шақырымда ашылған. Ағымдағы жылдың соңына дейін қозғалысты толық ашу және 40 шақырымын пайдалануға беру жоспарлануда.

«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» - ұзындығы 768 шқ, жоба бойынша қозғалыс жаңа жабын бойынша 670 шақырымға жуығында ашылған.

​Ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа жабыны бар учаскелер бойынша қозғалысты ашу жоспарлануда.

​Жұмыстардың толық аяқталып, жобаның пайдалануға берілуі 2024 жылға көзделген.

​«Үшарал-Достық» -ұзындығы 180 шқ, негізгі құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, нысан ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беруге дайындалуда.

​Нысанның аяқталуы аймақтың туристік кластерінің дамуына оң әсер етеді және Қытай Халық Республикасымен шекараға кедергісіз өтуді қамтамасыз етпек.

Тағы бір маңызды жобалардың бірі – Батыс Қазақстан облысындағы ұзындығы 245 шақырым болатын «Қазталов-Жәнібек», «Өнеге-Бейсен-Сайқын» күрделі жөндеу жобасы. Қазіргі кезде қозғалыс 185 шақырымға жуығында іске асырылып жатыр.

Ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа жабыны бар учаскелер бойынша қозғалыс ашу жоспарлануда.

Жұмыстар 2024 жылы толық аяқталып, жобаны пайдалануға беру көзделіп отыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube