Нысана көздеуден 26 қазақстандық Олимпиадаға іріктеу чемпионатына қатысып жатыр

2011

 Әзербайжан астанасы Баку қаласында нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан құрамасы барлық санатта жүлдеге таласады. Құрама сапында барлығы 26 спортшы бар. Олар:

Тапанша – Эльдар Иманқұлов, Валерий Рахимжан, Максим Мазепа, Никита Чирюкин, Руслан Юнусметов, Артемий Кабаков, Алексей Лотарев, Сәуле Әлімбек, Ольга Аксенова, Ирина Юнусметова, Валерия Попелова;

В интовка – Ислам Сатпаев, Юрий Юрков, Константин Малиновский, Илья Федин, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова, Александра Ле, Анастасия Григорьева;

Жылжымалы нысана – Бақтияр Ибраев, Андрей Худяков, Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Фатима Ирназарова, Зухра Ерназарова, Александра Сәдуақасова;

Бакуде әлем біріншілігі 1 қыркүйекте мәресіне жетеді. Осы аралықта 101 мемлекеттен келген 1200-ден астам мерген бақ сынайды. Байрақты бәсекеде Франция астанасында келесі жылы өтетін Олимпиадаға 48 жолдама сарапқа салынады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить