Алтын орда және Кенжехан базарларын дамыту қалай жүріп жатыр

3579

 Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев Алматыдағы «Алтын Орда» және «Кенжехан» базарларында болып, олардың иелерімен сауда нысандарын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Алтын Орда» базары аумағында құрылған мобильдік топтың және базар әкімшілігінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті. Бұрын анықталған заңбұзушылықтарды жоюға, жаңғыртуға, фермерлерді тегін бөлінген сауда орындарына тартуға және тағы басқа мәселелерді талқыланды.

Базар Александр Недогарконың айтуынша, бүгінде павильондарда кондиционерлер орнатылған, тұрақты жоғары жылдамдықты интернет қамтамасыз етілген, тамыз айының соңына дейін автомобиль қозғалысын ретке келтіру және кептелістермен күресу үшін аялдау және тоқтау тұрақтары белгіленеді. Жақын арада барлық аумақта бейнебақылау камералары орнатылады.

«Әрбір базар бақылаушысының қолында кассалық аппарат бар. Қызметкерлермен инструктаж өткіздік, нарықтағы барлық қаржылық операциялар қазір ресми түрде жүргізіліп жатқанын түсіндірдік. Кіре берісте кассалық аппарат та қойылды, жақын арада оны электронды шлагбаумға ауыстырамыз. Бұл да жұмысты жеңілдетеді. Бізде әкімшілік бекіткен барлық нарықтық қызметтердің белгіленген бағасы бар. Бұл ақпарат ақпараттық стендтерде жазулы және кез келген келуші немесе жалға алушы біздің байланыс орталығына қоңырау шалып, заңсыз төлемдер туралы хабарлай алады. Ашық түрде жұмыс істеу үшін бәрін жасаймыз. Бұрын анықталған ескертулерді кезең-кезеңімен жойып жатырмыз және мемлекеттік органдармен бірлесіп осы бағытта жұмысты жалғастыруға дайынбыз», - деп сендірді Александр Недогарко.

Қазір «Алтын ордада» үшінші павильонның құрылысы жүріп жатыр, оны 2025 жылдың басында аяқтау жоспарланған. Осы жылдың соңында төртінші павильонның құрылысы басталады. Сонымен қатар, заманауи кросс-доктар салына бастайды, олардың негізгі міндеті – жүктерді жедел жеткізу және сақтау.

Базарды аралай келе, Арман Шакқалиев Үкімет тапсырмаларын орындаудың динамикасын көріп отырғанын мәлімдеді.

«Ескертулер жойылып жатқанын көріп отырмыз. Мобильді топ барлық заңбұзушылықтар толығымен жойылғанға дейін жұмыс істеуі керек. Алматы облысының әкімдігі мобильді топтың жұмысын күнделікті бақылауда ұстауы қажет. Сонымен қатар, базардан берілген 100 орынға фермерлерді тарту бойынша жұмысты күшейту қажет», - деді ол.

«Кенжехан» ЖШС бас директоры Сергей Ким базарды дамыту бойынша кешеуілдеу барын айтты.

«Базарларды жаңғырту туралы 10 жыл айтылып келеді, бірақ COVID-19 пандемиясы, қазіргі күрделі геосаяси жағдай және басқа да фактілер толығымен ескерілмейді. Жол картасында біздің базар бар, бірақ біз бүгінгі кестеден артта қалып отырмыз. Біз жаңғыртуға дайынбыз, бірақ әкімдік бізге эскиздік жобаны әлі келіскен жоқ», - деді ол.

Арман Шаққалиев нарықтарды жаңғырту процесінде меншік иелерінің мүдделері міндетті түрде ескерілетініне сендірді.

«2025 жылға дейін әзірленген жол картасы бар, онда жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастап, әр аймақ бойынша, әрбір базар бойынша жұмыстарды аяқтауға дейінгі жаңғырту процесі жан-жақты қамтылған. Жол картасының орындалуына Үкімет тарапынан тұрақты мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің жанынан қаланың сауда базарлары қызметінің проблемалық мәселелерін қарау және шешу жөніндегі жұмыс тобы жұмыс істейді, ол Жол картасын іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс», - деді ол.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить