Қазақстанда азық-түлік өндірісіне қанша инвестиция құйылады?

2420

Биылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, азық-түлік өндірісі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 62,5 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 15,9% артық. Инфляцияны ескергенде нақты өсім 13,4%, деп хабарлайды finprom.kz.

Салыстыру үшін: былтырғы сәйкес кезеңінде сектордағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі құндық мәнде бірден 24,3% ұлғайып, 53,9 млрд теңгеге жеткен.


Өңірлер бойынша азық-түлік өнімдері өндірісіне ең көп инвестиция Алматы облысында тіркелді: 15,6 млрд теңге — бір жыл бұрынғыдан бірден 3 есе артық.

Алғашқы бестікке Солтүстік Қазақстан (14,1 млрд теңге), Ақмола (5,1 млрд теңге), Түркістан (4,5 млрд теңге) және Шығыс Қазақстан (4,1 млрд теңге) облыстары да кірді. Салаға ең аз инвестиция Маңғыстау облысында байқалды: бар болғаны 27,9 млн теңге — бір жыл бұрынғыдан 95,1% аз.


Атырау облысы азық-түліктің 70%-ға дейінін импорттайды, ол негізінен Ресейдің жақын өңірлерінен әкелінеді. Осылайша, өңір шетелдік фермерлерді «асырап отыр», деп хабарлайды inbusiness.kz. Өңірді отандық өніммен әлсіз қанықтыру мәселесін ескере отырып, ауыл шаруашылығын, тамақ және балық өнеркәсібін дамыту бағдарламасын әзірлеу қажеттілігі туындады.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысында азық-түлік өндірісі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі небәрі 33,9 млн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 74,6% аз.

Жалпы республика бойынша инвестициялық портфельдің жартысы — 52,7%-ы компаниялардың өз қаражаты есебінен қамтамасыз етілді. Мұндай инвестиция көлемі бір жылда 11,6% өсіп, 32,9 млрд теңгеге жетті.

Банк несиелері арқылы салынған инвестиция 16,3%, 17,8 млрд теңгеге дейін қысқарды, ал банктік емес қарыздар арқылы салынған инвестиция бір жылда 3,8 есе, яғни 11,7 млрд теңгеге дейін өсті.


Қазір Қазақстанды негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жағдайы әртүрлі болып көрінеді. 2023 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында елдің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі кейбір өнімдер бойынша 90%-дан 100%-ға дейін болды.

Бұл өнімдерге қой мен ешкі еті, бидай наны, бидай ұны, жылқы еті, ірі қара мал еті, айран, сүт, кілегей, тұз, күріш және шошқа еті кірді — олар жақсы деңгейде өндіріліп, сұранысты толық немесе толықтай дерлік қамтамасыз етті.

Дегенмен, кейбір санаттар бойынша өндіріс қосымша қолдауды қажет етті, өйткені бұл өнімдерде өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі біршама төмен болды. Бұл, мысалы, қарақұмық, тауық жұмыртқасы, күнбағыс майы, сары май, макарон өнімдері және құс еті. Бұл санаттардағы өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейі 73,5%-дан 85,1%-ға дейін болды, бұл мұндай өнімдердің отандық өндірісін ұлғайту үшін күш салу қажеттігін көрсетеді.

Әсіресе, ірімшік пен сүзбе нарығына, сондай-ақ қантқа назар аудару керек. Биыл қаңтар-мамырда аталған санаттар бойынша импорт айтарлықтай үлесті құрады: республикада ірімшік пен сүзбенің 54,3%-ы, қанттың тек 44,2%-ы ғана өндірілді. Бұл шетелдік жеткізушілерге тәуелділікті көрсетеді және өзін-өзі қамтамасыз ету мен нарықтың тұрақтылығын арттыру үшін осы өнімдердің отандық өндірісін дамытуды талап етеді.

Осылайша, негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жағдайына шолу көрсеткендей, кейбір өңірлерде өзін-өзі қамтамасыз ету жақсы болғанымен, басқаларында отандық өндірісті арттыруға күш салу қажет. Ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсібінің дамуы азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить