Жезқазғанның екі тұрғыны қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін тергеуге алынды

1749

 Жезқазған қаласының екі тұрғынына қатысты «MetaGo» қаржы (инвестициялық) пирамидасы жарнамалау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аталған фактіні Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратураның үйлестіруімен және агенттіктің көлеңкелі экономика саласындағы талдамалық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл нәтижесінде анықтады.

Күдікті тұлғалар «MetaGo» қаржы пирамидасының қызметі туралы ақпараттық ресурстарда («YouTube» бейнехостинг сайты, «Whatsapp» және «Telegram» мессенджерлері, «Facebook» және «Instagram» әлеуметтік желілері), сондай-ақ осы қаржы пирамидасының символикасы бар киім мен плакаттарды пайдалана отырып халықпен кездесулер мен жиналыстар өткізген. Осы арқылы 63 млн теңгеден астам сомада залал келтіріп, қаржы пирамидасының заңсыз қызметіне 80-нен астам азаматты тікелей тартқан.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 217-1-бабы - адамдар тобының қаржы пирамидасын жарнамалауы бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар, департамент бұрын жүргізілген арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тіркелген Жезқазған қаласының осы тұрғындарына қатысты «MetaGo» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басшылыққа алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

ҚР ҚПК-нің 201 бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Егер сіз және сіздің туыстарыңыз «MetaGo» компаниясының қызметінен зардап шексе, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеу департаментіне немесе ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить